Өсиет

Көміндер мені өлген соң,
Сүйікті туған елімде.
Қазылсын қабырым кең байтақ
Украинамның жерінде.

Жатайын биік қорғанда
Кеудемді кернеп жалыным.
Жатайын тыңдап күдіретті
Днепрдің сарынын.

Ақса қаны дұшпанның
Украиннан езілген.
Ағызса оны Днепр
Қосылса көк теңізбен,

Тастап сонда қабырымды
Тэңірге ұшам табынам.
Оған дейін мен оны
Ешқашанда таныман!

Аттаныңдар көмгесін,
Үзіндер бұғау темірді!
Жау қанымен сұғарып,
Көгертіңдер өмірді!

Мені де, Ұлы Отанды,
Жаңа ел үлкен өлкеде.
Ескеріңдер үмытпай,
Шапағатпен әр кезде!

 

переклав Абдільда Тажибаєв

Хостинг от uCoz